Федерация халықаралық заңгер іздеп жатыр

Федерация халықаралық заңгер іздеп жатыр

Халықаралық ауыр атлетика феде­рация­сы ауыр атлетикадан  2016 жыл­ғы Олимпиада чемпионы Ниджат Рахи­мовтің допингке қарсы ереже­лерді бұз­ғаны үшін уақытша спорттан шет­тет­кен еді.

Нақтырақ айтсақ, ауыр атлетке зәр талдауын ауыстырған деген айып тағылған. Сол үшін еліміздегі ауыр атлетика феде­рациясы Ниджат Рахимовті қорғау үшін халық­аралық білікті заңгер іздеп жатыр. «Халықаралық тестинг агенттігі (ITA) ұлттық құрама мүшесі Нижат Рахимовтің атына тағылған айыптарға байланысты спортшы федерацияға өзінің кінәсіздігін қорғауға ниет білдіріп, құқықтық қолдау көрсету туралы өтініш берді. ITA хабар­ламасына сәйкес атлет өзінің жазбаша тү­сініктемесін 1 ақпанға дейін ұсынуы қажет. Бұл ретте қосымша тәртіптік тыңдау сұралуы мүмкін, оның барысында спортшы өз дәлел­дерін өзі айтуға мүмкіндігі болады» делінген федерация мәлімдемесінде. Сондай-ақ федерация  Лозанна қала­сының Халықаралық спорт төрелігін қоса алғанда барлық инстанцияда  құқықтары мен мүдделерін қорғайтын халықаралық тәжірибесі бар жоғары білікті заңгерді тарту мәселесін қарастырып жатыр. «Допингке нөлдік төзімділік қағидатын ұстана отырып, федерация бұл істі объек­тивті тергеуге мүдделі және істі қарау ба­рысы туралы ақпарат береді» деген еді фе­дерация.

Айбике ЖАНАСЫЛ