Ауруын жасырған адам сотталды
Ауруын жасырған адам сотталды
167
оқылды

Бейжің қаласы аудандық сотының үкімінде «37 жастағы жолаушының әрекеті ҚХР санитарлық-эпидемиологиялық ережелерін бұзды. Вирустың таралу қаупін тудырды. Аурудың алдын алу мен емдеуге кедергі келтіретін қылмыс жасады» деп жазылған.

2020 жылдың наурыз айында 37 жастағы жолаушы әйел АҚШ-тан Қытайға халықаралық рейске шықпас бұрын вирус белгісін, атап айтқанда дене қызуының жоғары болғанын жасыру үшін қызу түсіретін дәрі ішкен, – деп жазады «Қазақпарат». Бейжің халықаралық әуежайына келгеннен кейін оның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Онымен байланыста болған 60-тан астам адам карантинге жіберілді.

Осыған дейін Қазақстанда ПТР тест нәтижесі туралы жалған анықтама сатқандар жайында жазған болатынбыз.