Су мұнарасы опырылып құлаған ауылдың тұрғындары сусыз отыр

Су мұнарасы опырылып құлаған ауылдың тұрғындары сусыз отыр

Қостанай облысы Аманкелді ауданындағы Байғабыл елдімекенінде су мұнарасы құлап, ауыл тұрғындары сусыз қалды. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Мұнара алты жыл бұрын тұрғызылған. Ауылға орталықтандырылған су желісін тартуға 156 миллион теңге жұмсалған. 2014 жылдан бері тәулік бойы тоқтаусыз ауызсу пайдаланған халық енді тығырыққа тірелді. Қазір ауылда тәулігіне 4 сағат қана су беріледі. Жергілікті билік тұрғындарды мүлдем сусыз қалдырмаудың қамына кірісті. Ал су мұнарасы құлаған күні аймақта дауыл тұрмаған. Аудан әкімінің айтуынша, су желісін қайта қалпына келтіру үшін кемінде екі ай қажет.

«Арнайы комиссия келіп тексеріп қарады. Бірақ ешқандай тұжырым жасаған жоқ. Не себепті құлағанын ешкім айта алмайды. Қазір оның себебін білу үшін темірін кесіп алып, сараптамаға береміз. Содан кейін ғана белгілі болады. Біз халықты сумен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз», – деді аудан әкімі Әмірхан Асанов.

https://youtu.be/YD0PXcTtc_s