Ауа райының қолайсыздығынан үш облыста жол қозғалысы тоқтатылды

Ауа райының қолайсыздығынан үш облыста жол қозғалысы тоқтатылды

Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі ауа райына байланысты үш облыста жол қозғалысы тоқтатылғанын хабарлады.

Ауа райының нашарлап кетуіне байланысты Ақмола облысындағы «Нұр-Сұлтан — Ерейментау — Шідерті» бағытындағы тасжол, Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен — Шемонайха — РФ шекарасы», сонымен қатар Павлодар облысындағы «Қызылорда — Павлодар» тасжолдары жабық.