Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі ресми хабарлады.
Комитеттің мәліметінше, ұсталған азаматтар – деструктивті діни ағым ұстанушылары. https://youtu.be/ZYg9w5gIfSI«13 қаңтарда ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатысты бар топ мүшелерін құрықтады. Бұл факт ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген хабарламада.
Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілерге қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір тергеу басталды.