Жолдар, жолдар, бұл жолдар...
Жолдар, жолдар, бұл жолдар...
167
оқылды

Соңғы аптаның ішінде 104 жол апаты болып, 39 адам қайтыс болды.

Өткен аптада ауа-райының қолайсыздығына байланысты мыңнан астам көлік кептелісте қалды. Сол кезде қар құрсауынан 120 машина эвакуацияланып, 905-тен астам адам құтқарылды.

2.jpg

 Эвакуацияланған азаматтар жақын маңдағы елді мекендердегі жылу пункттеріне орналастырылды. Бұл жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті жабдықтар мен адами ресурстар тартылған болатын.

1.jpeg

Соған байланысты Түркістан, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан секілді 11 аймақта жол жабылған. Жалпы, соңғы аптаның ішінде 104 жол апаты болып, 39 адам қайтыс болған. Ал оның 158-і түрлі жарақат алды. 

3.jpg

Жазатайым оқиғалар, әсіресе жол апаты көбіне жүргізушілердің жылдамдықты сақтамауынан болады. Жол ережесін бұзғаны былай тұрсын, кейбір жүргізушілер ауа райының қолайсыздығына да қарамайды. Мысалы, көктайғақтың өзінде жүргізушілеріміз сағатына 160-200 шақырым жылдамдықпен жүруге дағдыланған.

6.jpg

 Ал оның арасында енді бірі аяқасты тоқтай қалса, көлікті жол жиегіне шығарып тастайды. Көлікті бір өзі ғана жолдан шығып, тұрып қалса де ештеңе емес. Кейде ондай сәттерде жалғыз көліктің өзі бірнешеуін іліп әкетіп жатады.

8.jpg

Шыны керек, қақаған қыста тоқтаусыз жауған қарды жол техникалары ашып үлгермей жатады. Олар тіпті қарлы боранда жолды тазаламақ түгілі айнала алмай, жүруден қалады. Артынан күн бір жылып, бір суыса жер көктайғаққа айналады. 

4.jpg

Ондайда жол қозғалысы да қиындай түседі. Боранды күндері көз алдындағы нәрсені де байқамай қалып жатады. Соған қарамастан жүргізушілер алыс жолға шығыды. Ауа райының өзгеріп жатқанына құлақ аспайтыны тағы бар. 

7.jpg

Мысалы, республикалық маңызы бар көлік жолдарын қыста күту үшін 1502 дана нормативтік қажеттілік бар 1068 техника бөлінеді екен. Финляндияның өзінде қар тазаланбайды екен. Ондағы көліктер тіккенді дөңгелектермен жүреді. Оған қоса, ауа-райының нашарлығанда көлік қозғалысын шектейді. Ал бізде осыған бағынатын ел бар ма?!