Қазақстанда тағы бір партия құрылмақ
Қазақстанда тағы бір партия құрылмақ
157
оқылды

Елімізде Жасылдар партиясы құрылады.

Бұл туралы «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының төрағасы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Азаматхан Әміртай мәлімдеді.

«Біз партия құруды түпкілікті қолға алдық. Бұл экологиялық Жасылдар партиясы болуы тиіс», – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Азаматхан Әміртайдың жазуынша, Жасылдар партиясы экология мәселелерін көтерумен ғана шектелмек емес.

«Мемлекеттік, халықтық, ұлттық мәселелерді шешумен де айналысамыз. Ең бастысы, Ұлт мүддесін бірінші орынға қоямыз. Яғни еліміздің экологиясын қорғаумен қатар, ұлттық мәселелерді алдыңғы орынға шығарамыз», – дейді ол.