Париждің Құдай ана шіркеуі опырылып құлауы мүмкін
Париждің Құдай ана шіркеуі опырылып құлауы мүмкін
123
оқылды

Париждегі ең көне ғимаратқа қауіп төніп тұр.

Бұл туралы шіркеу басшысы Патрик Шове айтты, — деп хабарлайды Gazeta.ru-ға сілтеме жасап tengrinews.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ғимаратты аман алып қалуға 50 пайыз ғана мүмкіндік бар. Шіркеу қызметкері басты қауіп ретінде үш күмбездің ағаштары құлауы мүмкін екенін айтып отыр. Шове тағы бір оқиға болмас үшін қалған ағаштарды алып тастауды ұсынған.

Алайда мұны шіркеуге зиян келтірмей істеу, өте қиын екен. Париждің Құдай ана шіркеуіндегі өрт 15 сәуірде кешкі уақытта болды. Салдарынан ғимараттың мұнарасы құлады. Шіркеудегі көтергіш өртке оранған. Өртті 400-ге жуық өрт сөндіруші өшірді. Олар алапат өртпен тоғыз сағат арпалысты.