Мемлекеттік сатып алудағы жемқорлықтан келген шығын көлемі есептелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Дереккөздің жазуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров Қаржы министрлігі жүйесінде жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының статистикасын айтты.
«Мемлекет басшысы бюджеттік қаражаттың дұрыс бөлінуіне, таралуына және түсіміне бақылау жасауға ерекше көңіл бөледі. Қаржы министрлігіне мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша өкілеттіктер берілген. Бұл сыбайлас жемқорлық жайлаған сала болып табылады. Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде 383 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс болды, оның 202-сі сотқа жіберілді және 92 адам сотталды. Осы қылмыстардан келген шығын — 2,5 миллиард теңге, қазіргі уақытта 2 миллиардтан аса теңге мемлекетке қайтарылды», — деді Данияр Биғайдаров.
Сыбайлас жемқорлықтың көпшілігі құқықбұзушылықтардың көпшілігі тендерді бөлу, шарттарды заңсыз жасау, орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қоюға байланысты болған.
«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдан бастап биылғы кезең аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде Қаржы министрлігі жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша 318 сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілді. (...) Әртүрлі сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша 108 лауазымды тұлға сотталды. Сыбайлас жемқорлық фактілерінің және олар бойынша тартылған қызметкерлердің 50 пайыздан аса салық қызметіне келеді (өндірісте — 127 іс, сотқа — 108 іс жіберілді, сотталған — 58 адам). Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының басым бөлігі кеден органдарына тиесілі (өндірісте —169 іс, сотқа — 100 іс жіберілді, сотталған — 36 адам). Бұл жерде сыбайлас жемқорлық бақылау-өткізу бекеттерінде жүйелі түрде іріктеу және кедергісіз жүріп өту үшін пара алу түрінде болады», — деді Биғайдаров.
Жемқорлық қылмыстары парақорлық, алаяқтық, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалануға байланысты болған.