2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды, — деп хабарлады Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры келе жатқан Жаңа жыл қарсаңында қордан зейнетақы төлемдері зейнет жасына толған азаматтарға (ерлерге - 63 жастан бастап, әйелдерге биыл 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 59 жасқа толғанда) берілетінін тағы да еске салады. Бұл ретте әйелдердің зейнетке шығу жасы 2027 жылы 63 жасқа жеткенге дейін жыл сайын 6 айға ұзартылып отырады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлікке 59,5 жасқа толғанда шығады» делінген хабарламада.