Алқабилердің қатысуымен кәмелет жасына толмаған 4 қыздың зорлануына қатысты сот отырыс өтті. Павлодар облысы Ақсу ауданының тұрғыны бірнеше ауыр бап бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына сотталды, деп хабарлады Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Сотта белгілі болғандай, ер адам 2016-2020 жылдары кішкентай қызды зорлап келген. Бұдан басқа ол тағы кәмелет жасына толмаған 3 қызды зорлаған. Күдікті ер адам ұсталған соң оның тұратын жеріндегі гараждан қару, үйінен есірткі табылды.Үкімді судья Қадырбек Сатабаев бүгін шығарды. Қыздарды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды.
Болған оқиғаны мектеп психологтары сауалнама жүргізу кезінде анықтаған. Ер адам оларды бірнеше жыл бойы зорлап келген. Полиция қылмыстық істе 25 эпизод барын хабарлады. Бұған дейін 4 жасар қызын зорламақ болған әке сотталғанын хабарлаған болатынбыз.