Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан 4 адам көз жұмды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқыс оқиға Шемонаиха ауданындағы Өскемен-Шемонаиха-РФ тасжолының 88-шақырымында болған. Шемонаиха қаласынан Өскеменге қарай жолға шыққан КамАЗ 5320» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Рулиха ауылына қарай бұрылатын жерде ВАЗ 2112 маркалы көлікпен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан ВАЗ 2112 автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі және үш жолаушысы (31 жастағы әйел мен 29 жастағы екі ер адам) оқиға орнында мерт болды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.