Ақтауда "буынсыз бала" тұрады
Ақтауда "буынсыз бала" тұрады
Ақтауда буынсыз бала тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ел ішінде қайталанбас, ерекше қабілеті бар баланың бірі - Азамат Нұрқожа. 13 жастағы өнерпазды «пластилин-бала» деп те атайды. Азамат балқыған темірдей кез-келген қалыпқа оңай түсіп, түрлі бағытта бүгіле алады. Ерекше қабілетін бағалаған режиссерлер оны киноға да шақырған. Анасының айтуынша, балақайдың өнерін үш жасында байқаған. Осы жасында бүлдіршін шпагатқа отырып, бес жасында аяғын мойнына асып қойып жүріпті. "Азамат ең алғаш 7 жасында «Баланың бәрі таланты» бағдарласына қатысқаны үшін «Маңғыстау» телеарнасының басшысынан алғыс хат алған болатын»,– дейді анасы. Азамат болашақта атақты күйші болуды армандайды.