Соның салдарынан шығыста бұрқасын болып, қар жауады. Тұман түсіп, жел күшейеді.
Ақмола облысында – көктайғақ, Маңғыстау облысында дауыл соғады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел екпіні 18-23 м/с болады. Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Ақмола облысында көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан, Атырау, күндіз Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі.