Зейнетақы жинағы жоқ азаматтар да қордан қаржы алуға өтініш жіберген
Зейнетақы жинағы жоқ азаматтар да қордан қаржы алуға өтініш жіберген
111
оқылды

Төрт күнде барлығы 10 292 адамнан өтініш түскен. Алайда тек 8 мың адамның ғана өтініші орынды. Қалған 2 мың адам жинақтағы қаржысы жетпей тұрса да ақша сұратқан. Тіпті зейнетақы шоты жоқ азаматтар да жұрттан қалыспай өтініш жіберген.  Бұл туралы КТК хабарлады.

Мақұлданған 49 миллиард теңге бес күннің ішінде банктердегі азаматтардың арнайы есепшотына аударылады. Атап айтқанда, Отбасы банк, Халық банк, Банк Центр Кредит, Алтын банк.

Зейнетақы жинағындағы қаржы қолма-қол берілмейді. Арнайы есепшотқа аударылған қаржы 45 күн ішінде пайдаланылмаса, зейнетақы қорына қайтарылады. Ақшаны қайта шешіп алу үшін азамат қайтадан өтініш жаза алады.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ департамент директоры Қайрат Кенбаев: «Қателік болмау үшін салымшыларымыз алдымен өз есепшотын тексеріп, көз жеткізу керек. Содан кейін ғана уәкілетті оператордың сайтында өтініш береді», – дейді.