Алматыда автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып қалды. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 26 желтоқсан күні «Алатау-1» базары маңында болған. 44 жастағы «Mercedes – Benz» жүргізушісі солтүстік бағытында келе жатып қоғамдық көлікке соқтығысқан. «Жүргізуші маневр жасау ережелерін дұрыс сақтамай, оңға қарай бұрылып № 27 автобуспен соқтығысты. Салдарынан «Hyundai» маркалы қоғамдық көлік жарық бағанасына соғылып, арыққа түсіп кетті»,– деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Апат салдарынан автобустың 8 жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алды. Олар жедел-жәрдем көлігімен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
https://youtu.be/KDQnKa6Cm8o