Мойнының жартысын операциямен алып тастады
Мойнының жартысын операциямен алып тастады
113
оқылды

Өткен жылы 14 546 науқас, 2019 жылы 12813 науқас емделді.

Қатерлі ісіктің ең көп таралған түрі – сүт безі қатерлі ісігі, одан кейінгі орындарда ішек пен асқазан қатерлі ісігі.

«Алматы онкологиялық орталығының хирургтары аптасына 45-55 ота жасайды. Мәселен, өткен жылы 2514 ота жасалған. Олардың ішінде кеуде қуысы, іш, онкоурология, бас және мойын ісіктеріне арналған оталар бар. Олардың 40 пайызы инвазивті, яғни лапароскопиялық жолмен жасалатын оталар», – дейді онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Балтаев.

Бүгінде алматылық мамандар ісікті жою оталарын жасап қана қоймай, анатомиялық ақауларды пластикалық жолмен жоюды жүзеге асырып жүр. Мәселен, былтыр тілдің түбірінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған науқасқа ота үстелінде анатомиялық ақауларды пластикалық жолмен жоя отырып, күрделі ота жасалынды. Оталау бинокулярлық оптика астында 7 сағатқа созылды. Көлемі 20 см болған ісікті дәрігерлер терімен бірге алып тастады. Ота барысында бұлшық ет пен мойынның үлкен тамырлары да жойылды, өйткені ол жерлерде де ісік өскен. Мойнының жартысына жуығын алып тастады. Осыдан кейін анатомиялық ақауларды пластикалық жолмен жою жүргізілді. Тері дененің басқа бөлігінен, атап айтқанда, кеуденің алдыңғы қабырғасынан артериямен қоса тамыры алынып, мойындағы ақауды жабу үшін тігілген.

Ота сәтті өтіп, қазіргі уақытта науқас тек сөйлеп қана қоймай, өздігінен тамақтана алатын болды.