Шенеуніктердің корпоративтегі төбелесі Қазнетте талқыланып жатыр

Шенеуніктердің корпоративтегі төбелесі Қазнетте талқыланып жатыр

Қазнетте корпоративті шарада шенеуніктердің төбелесі талқыланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео jexennews Telegram-каналында жарияланды. Видеоның сипаттамасында көрсетілгендей, Алматы облысы Жамбыл ауданы жер қатынастары және сәулет басқармасының қызметкерлерінің төбелесі бейнежазбаға түсіп қалған. Жанжалға қатысушылардың бірі – аудан әкімінің орынбасары екендігі айтылды.

Облыстық әкімдік бұл оқиға бойынша арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. Қазір комиссия интернетте жарияланған материалдарды оқып жатыр. Әкімдік уәде еткендей, шенеуніктер арасында төбелес фактісі расталған жағдайда, олар жұмыстан босатылып, жазасын алады.

«Қазір бұл фактіні растау немесе жоққа шығару мүмкін емес. Жұмыс комиссиясы толық ішкі тергеу жүргізуде. Облыс әкімі бұған дейін әкімдіктерге бағынышты ұйымдарда мемлекеттік қызметшілер мен қызметкерлер арасында жаңа жылдық корпоративті кештер өткізбеу туралы нұсқау берген болатын», – деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

https://youtu.be/yC95GxvK5JM

https://youtu.be/83zGZbsz4GE