Коронавирусқа шалдыққан барлық науқас ауруханаға жатқызылады – Бекшиннің жаңа қаулысы
Коронавирусқа шалдыққан барлық науқас ауруханаға жатқызылады – Бекшиннің жаңа қаулысы
99
оқылды

Алматы қаласының бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес, Алматыда ойын-сауық мекемелері, букмекерлік кеңсе жұмысына шектеу енгізілді.

Коронавирусқа шалдыққан барлық науқас ауруханаға жатқызылады.

Дүйсенбі-жұма аралығында сауда және ойын-сауық орталықтары 10.00-20.00 арасында жұмыс істейді. Сенбі, жексенбі күндері жабық болады. Жеке тұрған және ірі сауда нысандарындағы азық-түлік дүкендері мен дәріханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтану орындары сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін той-думан өткізбейді.

Базарлар 17:00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі жабық болады.

Сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы шектеледі. Жеткізу қызметі сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Сауна, СПА-орталықтар, бассейндер сағат 8.00-21.00 аралығында ашық болады, сенбі-жексенбі жабылады. Қызметкер саны 20 адамнан көп мекемелер жұмысшыларының 80% қашықтан жұмыс істейді. Бірақ бұл тізімге кейбір мемлекеттік органдар, өнеркәсіптік, құрылыс саласының қызметкерлері кірмейді.

Банктер, «Қазпошта», Халыққа қызмет көрсету орталықтары алдын ала жазылу бойынша таңғы сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді.