Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Халықты жаппай вакциналау: Асқар Мамин пікір білдірді

Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді, – деп хабарлайды primeminister.kz.

Нұрбек БАҚЫТ
Қаңтар 28, 2021
Жаңалықтар, Басты жаңалықтар, Саясат
Асқар Мамин, вакцина, вакциналау, халық

Фото: primeminister.kz

1.6k
қаралым

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, вакцина өндіру жөніндегі жұмыс туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, карантиннің сақталуын бақылау туралы Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, өңірлердегі ахуал туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндады.

Қазақстандағы қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі. Республика «жоғары қауіптілік аймағына» кірді, 8 өңір «қызыл аймақта» тұр: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

 

вакцина
Фото: primeminister.kz

Күн сайын 1,5 мыңға жуық жаңа сырқаттану жағдайы тіркеледі, репродуктивтік көрсеткіші – 1,14. Инфекциялық төсек орындарының жүктемесі – 31%, реанимациялық – 20%.

Мұғалімдерді вакциналау шарасы жүргізіледі

Ақмола облысында қазақстандық вакцина егіле бастады

Байлар кедейлерге көмектеспесе, коронавирус тоқтамайды – Тедрос Гебрейесус

QazCovid-in отандық вакцинасы клиникалық сынақтардың III кезеңінен өтуде (алдын ала тиімділігі – 96%). «Спутник V» вакцинасының сапасын аттестаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халықты «Спутник V-мен» жаппай вакциналау 1 ақпанда басталады. Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты базасында QazCovid-in вакцинасының тәжірибелік партиясын және «Антиген» ҒӨК» ЖШС өндірістік алаңында тәжірибелік-өнеркәсіптік партияны шығаруды қамтамасыз етуді тапсырды. Премьер-Министр әкімдіктерге вакцинаны сақтау үшін қажетті жабдықтарды сатып алуды аяқтап, егу пункттерінің толық дайындығын биылғы 1 ақпанға дейін қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпарат министрлігіне Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, вакциналау мәселелеріне қатысты арандату және жалған ақпарат тарату фактілерін уақытылы тоқтату тапсырылды. Үкімет басшысы эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлердің қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше бақылау жасау қажеттігін атап өтті.

«Вакцина өндірісін қамтамасыз ету және халықты жаппай вакциналауды өткізу – денсаулық сақтау саласындағы Үкіметтің бүгінгі күнгі негізгі міндеті», – деді Асқар Мамин.

Кеше Мәжіліс төрағасы Мәулен Әшімбаев Вакцинациялау – мәжбүрлі шара емес екенін айтқан еді.

 
Тегтер: Асқар Маминвакцинавакциналаухалық
Алдыңғы жаңалық

Коронавирусқа шалдыққан барлық науқас ауруханаға жатқызылады – Бекшиннің жаңа қаулысы

Келесі жаңалық

Жаңадан құрылған Қаржылық мониторинг агенттігіне төраға тағайындалды

Ұқсас жаңалықтар

Қарағанды
Қазақстан

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Ақпан 26, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды
Жаңалықтар

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Ақпан 26, 2021
адам
Жаңалықтар

Адамды өлтіріп, басын кесіп алған ер адам ұсталды

Ақпан 26, 2021
Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Жаңалықтар

Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Ақпан 26, 21:07

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Ақпан 26, 20:55

Адамды өлтіріп, басын кесіп алған ер адам ұсталды

Ақпан 26, 20:24

Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

Ақпан 26, 20:04

Белгілі журналист Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Ақпан 26, 19:41

Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Ақпан 26, 19:33

Соттардың Конституциялық кеңеске өтініш беруі мәселелері талқыланды

Ақпан 26, 19:16
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қарағанды

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Ақпан 26, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Ақпан 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»