Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

ҚТЖ-ның сыртқы қарызы – 1,9 трлн теңге

Сенаторлар еліміздің теміржол саласындағы олқылықтарға алаңдап отыр

А.Ахметқазы
Қаңтар 28, 2021
Жаңалықтар, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Саясат
ҚТЖ

©А.Ахметқазы

475
қаралым

Сенаторлар Сағындық Лұқпанов пен Сергей Ершов Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдап, Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмаларына қарамастан елімізде теміржол саласының дамуы сын көтермейтініне және де ҚТЖ-ның қарызы 1,9 трлн теңгеге жеткеніне назар аударды.

Олардың айтуынша, Қазақстанның теміржол паркіндегі вагондардың айтарлықтай бөлігі әбден тозған. Сондай-ақ сатып алынған жаңа вагондар да көздеген мақсатқа сай емес. Олардың жылдамдығы сағатына 160 шақырым. Ал қазір кейбір көрші мемлекеттерде сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүйткитін пойыздар қолданылатыны белгілі. Осыған байланысты елімізде жылдамдығы жоғары тасымалдау қызметін әрі қарай дамытуға қатысты мәселе туындап отыр. Бұл аздай, біздің еліміз теміржол желісінің дамуы жағынан да артта қалып келеді.

– Қазақстанда пайдаланылып жүрген теміржол желісінің жалпы ұзындығы 16 634,8 шақырымды құрайды. Олардың 4,2 мың шақырымы ғана электрмен жабдықталған. Мысалы, Ресейде теміржол ұзындығы 85,5 мың шақырым болса, оның 43,7 мың шақырымы электрлендірілген. Ал, аумағы Қазақстаннан 5 есе кішкентай Францияда теміржол ұзындығы 29 мың шақырымды құрайды. Оның 15 мың шақырымы электрмен қамтамасыз етілген, – деді Сағындық Лұқпанов.

Сенаторлар еліміздегі басты теміржол операторының сыртқы қарызына да алаңдаушылық білдірді. Бұл қарыз көлемі бүгінде 1,9 трлн теңгені құрайды екен. Депутаттар соңғы 5 жылда мемлекеттік субсидия ретінде аталған компанияға 171 млрд теңге бөлінгенін де тілге тиек етті. Одан бөлек, теміржол тасымалдаушысы басқа да жобалар арқылы табыс тауып отырғаны белгілі. Әуежайлар, автожол секторы, Халықаралық «Хоргос» шекаралық ынтымақтастық орталығы күні кешеге дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясының басқаруында болғаны мәлім. Ал Ақтау қаласындағы теңіз порты әлі күнге дейін осы компанияға тиесілі.

Ел халықаралық құжаттың құрбаны болмайды

Экс-депутаттар қайда жүр?

Теміржолда шешілмеген түйіткіл көп

Осы ретте атап өтер жайт, «Қазақстан темір жолы» өзі мемлекеттік субсидия ала отырып, 2017 жылы астанадағы халықаралық әуежайға 27,5 млрд теңге көлемінде қаржылай көмек көрсеткен.

– Теміржол саласын дамытуға қатысты бағдарламалық құжаттарда көрсетілген осы бағыттағы нақты мақсат-міндеттерге қарамастан, оларды іске асыру қарқыны көңіл көншітпейді. Тіпті, мүлдем төмен деуге болады. Үнемі мемлекеттен субсидия алып отырғанымен, компания ұзақ уақыт бойы басқа жобаларды дамытуға айтарлықтай қаржы жұмсап келеді. Бұл негізгі қызметті шығынға ұшыратуға әкеп соқтыруда, – деді сенатор.

Сондықтан депутаттар Премьер-Министрдің атына жолданған сауалда көтерілген мәселені шешуді және компанияның өзі мемлекеттік субсидияға мұқтаж болып отырғанына қарамастан не үшін салаға қатысы жоқ басқа жобаларға шығын шығаратынын түсіндіруді сұрады.

 
Тегтер: депуттатық сауалҚТЖпарламентСенатортеміржол
Алдыңғы жаңалық

Жаңадан құрылған Қаржылық мониторинг агенттігіне төраға тағайындалды

Келесі жаңалық

Заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды

Ұқсас жаңалықтар

1
Жаңалықтар

1 наурыздан бастап әскерге шақыру науқаны басталады

Ақпан 26, 2021
Қарағанды
Қазақстан

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Ақпан 26, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды
Жаңалықтар

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Ақпан 26, 2021
адам
Жаңалықтар

Адамды өлтіріп, басын кесіп алған ер адам ұсталды

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

1 наурыздан бастап әскерге шақыру науқаны басталады

Ақпан 26, 21:38

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Ақпан 26, 21:07

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Ақпан 26, 20:55

Адамды өлтіріп, басын кесіп алған ер адам ұсталды

Ақпан 26, 20:24

Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

Ақпан 26, 20:04

Белгілі журналист Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Ақпан 26, 19:41

Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Ақпан 26, 19:33
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

1

1 наурыздан бастап әскерге шақыру науқаны басталады

Ақпан 26, 2021
Қарағанды

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Ақпан 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»