Заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды
Заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды
110
оқылды
Балқаш көлінде ірі көлемде балық аулаған браконьер мұз үстінде ұсталды. Алматы облысының табиғат қорғау полициясы мен облыстық Балық шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының тексеру жұмыстары кезінде Балқаш көлінің Сарқан ауданына қарасты учаскесінде ірі көлемде балық аулаған браконьер ұсталды. Күдікті балық аулау кезінде заңмен тыйым салынған тәсілді пайдаланған. Осыған байланысты   Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«40 жастағы күдіктінің көлігін тексеру барысында 300 келіден астам балық пен тыйым салынған балық ауы тәркіленді. Күдіктінің мемлекетке 3 миллионға жуық материалдық шығын әкелгені анықталды», – деді облыстық ПД ЖПҚБ Табиғат қорғау инспекторы полиция капитаны Бағлан Рымжанов.  width=Балықтар арнайы қабылдау орындарына өткізіліп, одан түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылады.

Фото: ашық дереккөзден