Ұлттық әл-ауқат артып келеді
Ұлттық әл-ауқат артып келеді
5,194
оқылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Кездесу кезінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті назарына қордың 2019 жылғы даму қорытындылары туралы ақпарат ұсынылды. А.Есімовтің мәліметінше, «Самұрық-Қазына» ком­па­ниялар тобының таза табысы 1,2 триллион теңгені құрады. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 38%-ға көп. Қарыз жүктемесі 2017 жылдан бері 1 триллион тең­геге азайған. Сыртқы бо­ры­шы 5,1 миллиард долларға кеміді. Ұлттық әл-ауқат қо­ры компанияларының қар­­­жы­лық жағдайын ары қа­рай жақсарту, портфельді ком­па­нияларды ІРО-ға шы­ғару және жекешелендіру жос­парын жүзеге асыру бойын­ша шараларға ерекше көңіл бөлінді. Кездесу соңында Н.Назар­баев бірқатар нақты тапсырма берді. Елбасы осы күні «Қаза­то­­­­мөнеркәсіп» ұлттық атом ком­­паниясы» АҚ-ның бас­­­­­­қарма төрағасы Ға­лым­­­жан Пірматовпен кез­­дес­­ті. Жүздесу бары­сын­да Ғ.Пірматов Тұң­ғыш Пре­зидентке «Қаза­то­мө­нер­кә­сіп­тің» 2019 жылғы қыз­ме­ті­нің қорытындылары және 2020 жылғы даму жос­пар­лары туралы баяндады. – Өткен жылға белгіленген бар­лық өндірістік және қар­жы­лық көрсеткіштерге қол жет­кізілді. Биылғы жылғы даму стратегиясы және ба­сым­дықтары анықталды. Компания екі жыл қатарынан тек ең ірі уран өндіруші ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең ірі уран сатушы болып та­нылды, – деді ұлттық ком­пания басшысы. Бұған қоса, «Қаза­то­мө­­неркәсіп» басқарма тө­ра­­­­­ғасының айтуынша, ком­­­­­­­­­­­пания еңбекті қорғау, қор­ша­­ған ортаны сақтау жә­не кор­­поративтік басқару мә­се­ле­­леріне үлкен мән беріп отыр.   Айхан ШӘРІП