Димаш Қытайдың үздік әртісі атанды
Димаш Қытайдың үздік әртісі атанды
5,113
оқылды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың «Internet Bull Ears awards – 2019» жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Internet Bull Ears awards – 2019. Қытай. Бейжің. Қытай жүлдесі үшін көп рахмет. Жылдың үздік әртісі марапатын алу – үлкен ғанибет. Барлық жанкүйерлеріме, ұйымдастырушыларыма және қытайлық командама алғыс айтамын», – деп жазды Димаш.

Сонымен бірге, Димаш Қытай телекөрермендері үшін жаңажылдық бағдарламаның түсіріліміне қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген Ресейде «Жылдың ең үздік әншісі» атанған. Ал, Румынияда оның жанкүйерлері әншінің концертін ұйымдастырғысы келетіні айтылды.

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген италиялық фэнтези жанрындағы фильмнің саундтрек әнін шырқайды. Туынды 2020 жылдың наурыз айында жарыққа шығады.

Димаш 2.jpg