Полиция қызметкері 12 жылға сотталды
Полиция қызметкері 12 жылға сотталды
5,099
оқылды
Ақтауда жүйелі түрде пара алған полицей 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты. Күдікті Ақтау қалалық полиция басқармасында жедел уәкіл қызметін атқарған. Ол жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысқан қылмыстық топты өз қорғауына алғаны үшін 6 ай бойы 500 мың теңгеден ақша алып отырған. Осылайша, қызмет бабын асыра пайдаланған парақордың 3 млн теңге «сыйақы» алғаны анықталды. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде ұстауға үкім шығарды.
"Бұл іс қылмыстық қудалау және жедел іздестіру іс-шараларымен, сонымен бірге жасырын тергеу әрекеттерімен анықталды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігімен және де осы Кодекстің 262-бабының 3-бөлігімен күдікке ілініп, ісі сотқа жолданды. Өзінің іс-әрекетін жасыру мақсатында туыстарының есеп картасына ақшаны аудартып отырған", - дейді СЖҚІҚА облыстық департаментінің аға тергеушісі Әли Абдулов.