Астролог ақпанда адамзатты не күтіп тұрғанын айтты
Астролог ақпанда адамзатты не күтіп тұрғанын айтты
127
оқылды

Украиндық астролог Марина Скади 2021 жылғы ақпанда әлемде жаңа эра басталатынын айтты, - деп жазады 24/7-news.

Астрологтың болжамынша, ақпанда барлық планеталар мен жалған нүктелер өзгеріс аймағында энергияның жаңа деңгейіне шығу үшін шоғырланады.
«Бүкіл әлем тарихында жаңа эра басталады деп айтуға болады», – деді астролог.
Скадидің айтуынша, ақпанда көп адамға жақсы жаққа қарай өзгеріп, болашағы жарқын іс тауып, жеке басының дамуына мүмкіндік туады. Алайда бұның бәрі оңайлықпен бола салмайды, жетістікке еңбек пен қиындықты жеңу арқылы қол жеткізеді.
«Егер кімде-кім әрекет еткісі келмесе, жұмыс істегісі келмесе, сыртқы жағдайлардың әсерінен дағдарысқа ұшырайды», – деп ескертті Марина.
Астрологтың айтуынша, ақпанда табысқа жету үшін белсенді әрі икемді болу керек.