Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

300 миллион теңге қарыз: Көкшетауда жаңадан ашылған модульдік аурухана дәрігерлері жалақыларын ала алмай жүр

Жалақы аламыз деп үміттенген дәрігерлер құр алақан қалған.

"Айқын" ақпарат
Қаңтар 28, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан
300 миллион теңге қарыз: Көкшетауда жаңадан ашылған модульдік аурухана дәрігерлері жалақыларын ала алмай жүр

© сурет интернеттен алынды

Көкшетауда облыстық аурухана дәрігерлері шу шығарды. Олар пандемия кезінде провизорлық стационарларға ауысқан. Ал негізгі жұмыс орындары оларды «ақысыз демалысқа» жіберіпті. Жалақы аламыз деп үміттенген дәрігерлер құр алақан қалған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың айтқан шағымдары мен жоғары жаққа өтініштерін ешкім тыңдамаған. Мәселенің мән-жайын «Айқын» республикалық газетінің тілшісі анықтап көрді.

Жанерке Балтакескенова облыстық ауруханада бірнеше жылдар бойы еңбек етіп келеді. Провизорлық стационарға адам жетпегенде ол алғашқылардың бірі болып өзі сұранып барыпты. Көкшетауда жаңадан ашылған модульды стационарда ауысымын атқарып, толыққанды жалақы күткен. Бірақ күткен ақшасы әлі күнге дейін қолына түспеген.

«Барлығы тағатсыздана күтіп жүр. Бәрінің осы ақшаға деп ойлаған өз жоспарлары, төлейтін несиелері бар. Қалалық аурухананың бухгалтериясына хабарласқанмын. Өйткені мен қызмет еткен модульды аурухана қалалық ауруханаға қарайды. Олар ештеңе білмейтінін, қаржыландырудың жоқтығын айтып енді өздеріне хабарласпауларын сұрады. Енді қайтерімізді білмей дал болдық», – дейді қала тұрғыны Жанерке Балтакескенова.

Ауысымға түскен барлық медициналық қызметкерлер өзінің негізгі жұмыстарынан ақысыз демалысқа шығарылған. Жанеркенің айтуынша, жаңадан ашылған модульды стационарда оларға еңбектері үшін төлеммен қоса екі аптаға жұмыстары үшін жеке жалақы уәде етілген.

Коронавирустан көз жұмғандардың 90 пайызы егде жастағылар – дәрігер

Тоқаев дәрігерлерге азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін алғыс айтты

Көкшетауда жол апатынан бір адам қаза тапты

«Біз қалалық ауруханаға бардық, бірақ бізді онда кіргізбеді», – дейді Жанерке.

Біз болған жағдайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысынан білмек болдық. Басқарма басшысы төмендегідей жауап берді.

«Медициналық ұйымдарда жұмыс уақыты есебі әр айдың 25 күні ұсынылады. Одан кейінгі жұмыс күндері үшін ақы қалдығы келесі айда төленеді. Төленбеу мәселесі өткен жылдың 23 қарашасынан болған. Ол кезеңде бұл аудару болмаған. Осыған байланысты қазіргі сәтте есептесу жүргізілуде», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нариман Сыздықов.

Бұл есептеудің аяқталуын қазір 627 адам күтіп отыр. Жалпы қарыз сомасы 300 миллион теңгеге жуықтаған. Бұл туралы батыл айту тек Жанерке Балтакескенованың ғана қолынан келді. Оның айтуынша, көпшілік дәрігерлер жұмыстарынан айырылып қалудан қорқып, ештеңе айтқысы келмеген. Сондықтан да әлеуметтік желілерде аноноимді шағымдар қалдырған.

Әлеуметтік желілерді қарап төмендегідей жазбаларға куә болдық.

Бірінші адам: «Біз көппіз, ешкімге бір тиын да төленген жоқ. Біз қайда шағымданбадық. Денсаулық сақтау басқармасы ештеңе білмейді. ФСМС күнде «таңғы аспен» тойдырады. Бірақ тубдиспансерге төлем жасапты. Тіпті бізді жұмыстан босатамыз деп те қорқытады. Екінші адам: Ешқандай артық нәрсе сұрап жатқан жоқпын. Өзімнің адал еңбегіммен тапқан ақшамды ала алмағаныма қапалымын. Менің білуімше, жаңадан ашылған бұл аурухана тек бірінші ағымдағыларға ғана төлеген. Ал ақпанда 6- ағымдағылар жұмысқа кіреді», – дейді дәрігерлер.

Ал басқарма басшысы Нариман Сыздықов әрбір медицина қызметкеріне жағдайды түсіндіруге дайын екенін мәлімдеді.

«Егер бізді естіген қандай да бір қызметкердің қандай да бір сауалы болса, осы мәселелерді жедел арада шешу үшін бізге денсаулық сақтау басқармасына жүгініп өтініш берулерін сұраймын», – деді Нариман Сыздықов.

Дәрігерлер жалақылары қашан түсетінінен хабарсыз. Денсаулық сақтау басқармасы істің жуық арада шешімін табатынына сенімді.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы

 
Тегтер: дәрігержалақыКөкшетау
Алдыңғы жаңалық

Астролог ақпанда адамзатты не күтіп тұрғанын айтты

Келесі жаңалық

Жаңа пандемия басталуы мүмкін – ДДСҰ

Ұқсас жаңалықтар

Қосшы
Жаңалықтар

Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды

Сәуір 11, 2021
жұмыртқа
Жаңалықтар

Нутрициолог маман жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатуға және қуыруға болмайтынын айтты

Сәуір 10, 2021
Айзада
Жаңалықтар

Айзаданың өлімі: Бішкек ІІББ басшысы қызметтен кетті

Сәуір 10, 2021
футбол
Жаңалықтар

Футбол: «Астана» «Атырауды» жеңді

Сәуір 10, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды

Сәуір 11, 00:31

Нутрициолог маман жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатуға және қуыруға болмайтынын айтты

Сәуір 10, 22:57

Айзаданың өлімі: Бішкек ІІББ басшысы қызметтен кетті

Сәуір 10, 22:25

Футбол: «Астана» «Атырауды» жеңді

Сәуір 10, 21:55

Тойға келген қонақтар жертөлеге жасырынған – видео

Сәуір 10, 21:16

Қазақстанның он өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Сәуір 10, 20:26

Иманбек Зейкеновтің жаңа трегі шықты

Сәуір 10, 20:01
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қосшы

Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз елордадан табылды

Сәуір 11, 2021
жұмыртқа

Нутрициолог маман жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатуға және қуыруға болмайтынын айтты

Сәуір 10, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»