Жарлыққа қол қойды
Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жарлық бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап орталық және жер­гілікті атқарушы органдар шағын кәсіп­керлік субъектілерін, оның ішінде микро­кәсіп­керлік субъектілерін тексеруге және профи­лактикалық бақылау мен қадағалауға үш жылға тыйым салады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда «Мораторий кезеңінде өзін-өзі реттеу, қоғамдық бақылау тетіктерін жан­дандыру керек. Бизнес өкілдері сани­тарлық-эпидемиологиялық саладағы нормалар мен ережелерді бұзатын болса, ондай компаниялар жабылып, иелері жауапкершілікке тартылады. Осылайша, шағын бизнеске түсетін ауыртпалықты азайтамыз. Сонымен қатар бизнес өкілдері құқық қорғау және тексеруші органдардың іс-әрекетіне байланысты көптеген қиын­дыққа тап болуда. Шағын және орта биз­неске қатысты рейдерлік әрекеттер жиілеп кетті. Бұл мәселе жөніндегі ұстанымым белгілі: бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін әре­кеттер мемлекетке қарсы қылмыс деп танылуы тиіс» деген еді.

Осылайша, мораторий экономикаға, шағын және микро кәсіпкерліктің дамуына жаңа жол ашады. Бұл Жарлық – кәсіп бастайындарға, ертеңін экономикамен байланыстыратындарға берілген мүмкіндік. Мәселен, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізу Жарлық бойынша тоқтайды. Сондай-ақ осы Жар­лықты жүзеге асыру үшін түрлі шара қабыл­данатын болады. Жарлықтың орын­далуын бақылау Қазақстан Республикасы Прези­дентінің Әкімшілігіне жүктеледі.