Yes I Сan! Менің қолымнан бәрі келеді!
Yes I Сan! Менің қолымнан бәрі келеді!

Бұл сөздер адам баласына ерекше күш, мұқалмас жігер береді. Өйткені, осы ұғымды бойларына сіңіріп өскен әрбір жас өздерінің іс-қимылына, болашақ бастамаларына жауап тапқандай  сезінеді. Осы бір игі шараның  негізгі себепші шет тіліне деген құштарлық болса керек. Біздің бүгінгі әңгімеміз осы қасиеттер төңірегінде қозғалады.

Психолоктардың тұжырымдамасы бойынша, әр адам шет тілін меңгерген сайын оның өзіне деген сенімділігі, іскерлігі арта түседі. Осы орайда 2020-2021 оқу жылында әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті, филология және әлем тілдері факультетінің шет тілдері кафедрасында «Yes I Can!» ағылшын тілі клубы ұйымдастырылған болатын. Клуб мүшелерінің алдына қойылған басты мақсаттары – ағылшын тілінде еркін сөйлеуі, өз ойларын нақты жеткізуі, өз пікірлерін қорғай алуы еді. Олар сондай-ақ,  тұсаукесерлерде еркін пікірлесеуі, сөз сайыстарына араласып, өлең оқып, ән айтуы, шағын қойылымдарға қатысып, көпшіліктің көңлінен шыға білуі көзделген. Осы бағыттада арнайы жоспар жасалып, оның орындалуы мұқият бақылауда болды. Биылғы оқу жылында клуб жетекшілері осы шараларды тек университет қабырғасында ғана емес, еліміздегі басқа да жоғары оқу орындарымен ағылшын тілінде бірлесіп өткізу міндеттері тұрды. Осы орайда, қашықтықтан оқыту жүйесі өзінің нақты жемісін берді. «Yes I Can!» клубының мүшелері Орал қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы университеттің студенттерін «How to be successful!» (Мақсатқа жету жлдары) тақырыбы бойынша пікірлесуге шақырды. Шет тілі кафедрасының доценті Алма Ғабдрахимқызы Абуханова жетекшілік еткен оралдық студенттер шақыруды қуана қабылдап, белгіленген тақырып бойынша конференция өткізді. Шараға қатысқан барлық студенттер ағылшын тілінде сөйледі. Конференцияда Әлішер Тлесов, Алфия Исмағұлова, Дилназ Төлегенова, Мөлдір Нұрқылыш, Әсел Талапова мен  Динара Омарова ағылшынша таза сөйлеп, «Жетістік» жайлы тұжырымдарын айтып берді. Мысалы, Әлішердің ойынша жетістік дегенімізді әр адам өзінше түсінеді. Ол біреулер үшін ақша, енді бірі денсаулық деп түсінеді. Ал, Алфияның түсінігінде жетістікке жету үшін ең алдымен адамның рухы күшті, мақсатына жетуге деген сенімі айқын болуы керек. Дилназ болса, АҚШ-та Ақ үйде еңбек етіп жатқан қазақ қызы Әсел Төленованың: «Жетістікке жету үшін әр күні бір адым ілгері жүру керек» дегенін тілге тиек етті. Мөлдір мен Динараның ойынша жетістікке жету үшін табжылмай еңбек ету керектігін баса айтылды. Әсел болса, әр адам жанына жақын жұмыспен айналасуы керектігін, сонда ғана жетістікке жететінін тілге тиек етті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері Қаламқас Есім, Арайлым Торғаева, Аққуым Байзолла, Жансая Карл, Алуа Төлеубекова, Шынар Ақылжан және Алуа Бековалар өздерінің ата-аналары мен туыстарының жетістікке жеткен еңбек жолдары жайлы қызықты  әңгімелеп берді. Конференция қызықты өтті. Бұл шара студенттердің есінде көпке дейін сақталатыны сөзсіз.

Айжан Молдағалиева, Шолпан Ғұмарова, ҚазҰУ-нің оқытушылары.