«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, 29 қаңтар-2 ақпан аралығында Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с, 30 қаңтар-1 ақпанда аралығында 23-28 м/с артуы мүмкін. 1-2 ақпанда көктайғақ болжанады. 29 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. 29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, қөктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. 29 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 17-22 м/с артуы ықтимал. 29 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 29 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.