Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет AMANAT

Елбасының алғысхатын тапсырды

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Қаңтар 29, 2021
24
қаралым

Түркістан облысының ау­­дан, қалаларында аза­мат­тар­ды Елбасы – «Nur Otan» партиясының Төра­ға­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысхатымен марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау іс-шарасы Түр­кістан қаласында ұйымдас­тырылды. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев партияның жұмысына белсене атсалысып, ел бірлігін нығайтуға үлес қосқан азаматтардың ең­бегіне тоқталды.

– Биыл елімізде аса жауапты сайлау өтті. Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат құрамы жаңа тұлғалармен толықты. Осы ретте елдің басым бөлігі өз таң­дауын жасап, «Nur Otan» пар­тия­сына қолдау білдірді. Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияны қайта жаңғырту бағытындағы тапсыр­масына сәйкес, өңірлерде ау­қым­ды жұмыстар атқарылды. Түр­кістан облысында да пар­тияны жаңғырту, оның жұмысын жандандыру бойынша баста­малар қолға алынды. Сайлаудың қорытындысымен облыста «Nur Otan» партиясы 81 пайыздан астам дауыс жинап, облыстық мәслихаттағы 45 мандаттың 37-сін жеңіп алды. Бұл ортақ жеңіске сіздердің де қосқан үлесіңіз мол. Сіздер облыстық штаб құра­мында күрделі әрі жауапты қыз­метті абыроймен атқар­ды­ңыз­дар. Міне, осы еңбек­теріңіз ес­керіліп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысхаты тап­сы­рылуда. Баршаңызды осы мара­пат­пен құттықтаймын! Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Осы мерейлі сәтті жемісті еңбекпен, сергек көңіл­мен қарсы аламыз деп сенемін, – деді Б.Тәжібаев.

Үгіт-насихат кезеңінде пар­тия үміткерлері 4 000-ға жуық іс-шараға қатысып, 220 мыңдай үйді аралап шықты. Негізінен об­лыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық кор­пусына кәсіпкерлер, білім, ден­саулық сақтау, өнеркәсіп саласы, үкіметтік емес ұйым, БАҚ өкіл­дері және ауыл шаруа­шылығы саласының өкілдері енді. Со­нымен бірге 1 көп­ба­лалы ана да мандатқа ие болды. Жалпы, об­лыстық, аудандық және қала­лық мәслихаттарды қосқанда облы­сымызда «Nur Otan» пар­тиясы 263 мандатты иеленді. Түркістан облыстық мәслихатын­дағы «Nur Otan» партиясы фрак­циясының құ­рамы 60 пайызға жаңарды. Ор­таша жасы – 47, яғни 4 жылға жасарды. «Nur Otan» фрак­ция­сының жаңа құрамының 30 па­йызға жуығы әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.

Марапатқа ие болған партия белсенділері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын біл­дірді. «Ел мүддесі жолында ең­бек етуге, «Nur Otan» партия­сының сайлауалды бағдарла­ма­сын жүзеге асыруға атсалы­самыз», – дейді олар.

Әбілмансұр ЖАСАН

Тегтер: Nur OtanалғысхатЕлбасыТүркістан

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейден Қазақстанға 200-ден астам кәсіпкер келді: Тоқаев тапсырма берді

Президент Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

Түркістан облысында сыныптастар 3 баласы бар жесір әйелге 4 бөлмелі үй алып берді

Қарағандыда полицейлердің бір топ адамды ұстау сәтінен видео тарады

«Қаржыны игерумен жұмыс бітпейді»: Мәулен Әшімбаев халықтың табысын арттырудың жаңа тәсілдері туралы айтты

Отандық ғалым әзірлеген бірегей гидрогель көмегімен 15 ота жасалды

Нұр-Сұлтаннан Бішкекке әуе рейсі ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»