Партия жақтастары мен белсенділері марапатталды
Партия жақтастары мен белсенділері марапатталды
138
оқылды

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалында 10 қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауына белсенді қатысқан барлық партияластар мен жақтастар марапатталды. Аталмыш шарада барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды.­

Марапаттау шарасында құт­тықтау сөз сөйлеген «Nur Otan» партияcы Қызылорда облыстық филиалы төраға­сының бірінші орын­басары Ләйлә Төрешова праймериз өткізумен және пар­тияның әрбір облыс пен қала, аудандар үшін сайлауалды бағ­дар­ла­масының бекітілуімен қо­рытындыланған саяси науқан жайында ерекше айтып өтті. – «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұ­мыс­­тары облыстық, қалалық, ау­дандық штабтар арқылы жүр­гізілді. Штаб құрамында 149 пар­тия мүшелері мен жақтас­тары, 1 128 сенімді өкілдер мен 752 байқаушылар және «Jas Otan» Жастар қанатының 456 белсенділері жұмыс істеді. Сай­лауалды штабтармен 250 мыңға жуық ақпараттық үгіт мате­риалы таратылып, 230 мыңнан астам адамды қамтыған 1 500-ге жуық шара өткізілді. Пар­тияның бел­сенділері мен үміткерлері об­лыстың барлық елді мекеніндегі сайлаушы­лармен және барлық әлеуметтік топ өкілдерімен кез­десіп, партиямыздың сайлауал­ды бағдарламасын түсіндірді. Осындай ауқымды шараларды өткізуге атсалысқан барлық пар­тияластарымыз бен жақ­тастары­мызға, белсенділерге облыстық партия филиалы атынан үлкен ризашылығы­мыз бен алғысы­мызды біл­ді­реміз, – деді Ләйлә Төрешова. Іс-шарада партия жақ­тастары мен белсенділері «Jas Otan» Жастар қанатының ерікті жастарына Тұңғыш Президент – Елбасы, «Nur Otan» партия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысхаты та­быс­талды.

Әбілмансұр ЖАСАН