Көлік ұрлығына қарсы күрес күшеймек
Көлік ұрлығына қарсы күрес күшеймек

Қазақстанда автокөлік ұрлығымен күрестің жаңа тетіктері іске қосылатын болады. Бұл жаңалық Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды. Палата Спикері бөтеннің көлігін заңсыз айдап әкету қылмысына тосқауыл қою үшін заманауи цифрлы технологиялардың мүмкіндігін молынан пайдалануға шақырды.

Мәжіліс «2005 жылғы 25 қарашадағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің автокөлік құрал­дарын жымқыруға қарсы кү­рестегі және оларды қайтаруды қамта­масыз етудегі ынтымақ­тастығы туралы келісімге өзге­рістер енгізу туралы хатта­маны ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жол­дады. Ішкі істер министрі Ерлан Тұр­ғымбаевтың мәліметінше, соңғы 15 жылда Қазақстанда жалпы саны 40 мың 303 машина ұрла­ныпты. Оның көбісі көрші елдерге шы­ғарылып, сатылады не бөлшек­теледі. Алайда осы мерзімде небәрі 223 авто­көлікті ТМД елдері тауып берген. Бұл ретте соның 66-сы ғана Қазақстанға кері қай­та­рылды. Осылайша, қазақ­стан­дық­тар ау­қатынан, асырап отырған құра­лынан айырылады. Мәжіліс Спикері ІІМ жүйе­сінде тіркеуде тұрған автомо­бильдерге қатысты дербес дерек­тердің сыртқа ағып кетуіне тоспа қойып, жүйені ретке келтіру ке­регін баса айтты. Нұрлан Зайрол­лаұлының айтуын­ша, осы заң жобасы қабылданып, хаттама ратификацияланған соң қазақ­стандық полиция барлық қажетті құралға қол жеткізеді. – Әрине, деректермен, мәлі­мет алмасумен тек адал, заңға бағы­натын, әрі ақпаратты қыл­мыс­керлерге ұстата салмай­тын қызмет­керлер ғана айналысуы керек. Бү­гінде мысалы, ауыл шаруашы­лығында ірі қара малға чип са­лынады. Сол арқылы мал ұрлығы біршама азайып келеді. Ал авто­мобильдер болса, ары қарай ізім-ғайым жоқ болуда. Бұл қалай? Көлік деген мая шөп­тегі ине емес қой, – деді Н.Нығ­матулин. Депутаттар тағы бір жайтқа на­зар аудартты: неге екені белгі­сіз, түзетулерге сәйкес, мем­ле­кеттік шекарамызды кесіп өтетін автокө­ліктер туралы мәлі­мет­тердің интег­рацияланған дерек­тер базасын қа­лыптастыру және ұстап тұру міндеті Қазақ­станға таралмайды екен. Мә­жіліс тө­раға­сы машиналар ағы­ны орасан зор болғандықтан, шека­­радан әрлі-бері өтетін әрбір көліктің VIN-кодын жоғалған көлік­тердің деректерімен салыс­тырып тұру­дың мүмкін емесіне келісті. Дегенмен оның байла­мынша, бұл жұмыста заманауи тех­ни­калық құралдар пай­да­ла­нылуы тиіс. – ІІМ-де бағдарлау-ориен­тировка деген құрал бар. Олар­ды шекаралық өтпелердегі ақпа­­раттық базаға да енгізіп қойыңыз­дар. Ол жерде техника­лық айыру қабілеті жоғары бей­не­камералар орна­тыңыз­дар. Қазіргі кезде ондай камералар Нұр-Сұлтан мен Алматы қала­ларына және ірі облыс орта­­лық­тарына кіреберісте орнатылған. Сонда көліктің нөмірін таныған жүйе дабыл қағады: шекараны кесіп өткелі тұрған автокөліктің іздеуде жүргенін нұсқайды. Да­был қағы­лысымен, шлагбаум жа­­бы­лады. Ол автомобиль жалпы ағын­нан бөліп алынып, тексеру алаңына әкетіледі. Мұндай мұ­қият тексеру рәсімі 10 ми­нуттан артық уақыт алмайды, – деді Нұрлан Нығ­ма­тулин. ІІМ ұқсас жүйені ел ішінде – ірі қалаларда тиімді қолдана бастады. Енді оны Шекара қыз­метінің ен­діргені маңызды. «Айтпақшы, бұл цифрлан­дыру бағдарламасының нақты жүзеге асып, елге игілік әкелуінің бір үлгі­сіне айнала алады. ХХІ ға­сыр­дамыз. Сонда көлік ұрлы­ғының көбісі неге ашылмай қа­латынын түсіндіріп, ақталудың да қажеті болмайды, – деп түйді Мәжіліс төрағасы.

Айхан ШӘРІП