Еуразиядағы ең ірі жерасты газ қоймаларының бірі күрделі қайта құрудан өтті және қазір елдегі газ тұтынудың маусымдық ауытқу проблемасын толық шешуге қабілетті.
Ақтөбе облысының аумағындағы Үстірт жазығының шөлейтті жерінде орналасқан «
Бозой» жерасты газ қоймасы күзгі-қысқы кезеңде Қазақстанның Ақтөбе және Қостанай облыстарының газ тұтынушыларын газбен жабдықтаудың әркелкілігін реттеуде әрқашан маңызды рөл атқарды. Кейін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры пайдалануға берілген кезде, «Бозой» ЖАГҚ Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының тұтынушыларын табиғи газбен қамтамасыз ету жүйесінің маңызды бөлігіне айналды.
Бүгінде «Бозой» газ қоймасы – бұл сарқылған газ кен орнында құрылған Еуразия континентіндегі ең ірі жерасты кешені. Қойманың ерекшелігі оның екі учаскеден – 1974 жылы құрылған «Жаманқоянқұлақтан» және «Жақсықоянқұлақтан» тұратынында, бұл учаске 1982 жылы пайдалануға берілді.
«Бозой» газ қоймасын үздіксіз пайдалану жылдарында мұнда жабдықтар мен инфрақұрылымның әбден тозуы тіркелді. Қазақстанда осы бірегей газ қоймасына басқа балама болмағандықтан, оны басқаратын «Интергаз Орталық Азия» АҚ (ИОА) компаниясы оны толық қайта жаңартуды қолға алды.
Барлық жұмыс екі кезеңде жүргізілді. Алдымен 36 жаңа пайдалану ұңғымалары бұрғыланды және жабдықталды, құрама пункттерге дейін шлейфтер салынды.
Содан кейін «Жаманқоянқұлақ» учаскесінде құрама пункттердің өздерін қайта жаңарту, сондай-ақ «Бозой» ЖАГҚ «Жақсықоянқұлақ» учаскесінде қайта жаңарту және құрылыс басталды.
Жақын арада газ қоймасы 4 млрд м
3 («Жаманқоянқұлақ» учаскесі 3 млрд м
3 және «Жақсықоянқұлақ» учаскесі 1 млрд м
3) газды сақтаудың жобалық көлеміне шығады. Жылыту маусымының ең жоғары кезеңінде газ алудың тәуліктік көрсеткіші 27 млн текше метрге дейін жетеді.
Тұрақты газбен жабдықтау туралы айтатын болсақ, жерасты газ қоймаларының жалпы магистралды газ құбырларының күрделі жүйесінде қандай рөл атқаратынын түсіну маңызды. Шын мәнінде, ЖАГҚ газ тасымалдаудың барлық жүйесінің жұмысын реттеу құралы болып саналады. Осылайша, жерасты газ қоймасының жұмысы газды тұтыну көлемі артқан кезде оны реттеуге мүмкіндік береді және газдың үздіксіз жеткізілуіне кепілдік береді. Бұдан басқа, жер астындағы газ тек сақталып қана қоймайды, мұнда оны магистралды газ құбырына беру алдында тазарту және кептіру жүргізіледі.
Осы мақсатта 2017 жылы газдың сапасын арттыру, оны ылғалдан ажырату үшін «Бозой» жерасты газ қоймасының технологиялық схемасы қазіргі заманғы «газды кептіру қондырғысымен» (ГКҚ) жарақтандырылды. Газ табиғи жағдайда тереңдігі 350-400 м жерасты қабаттарында сақталғандықтан, ол су қабатының буымен қаныққан. Газды кептіру қондырғысы көгілдір отынның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Осынау орасан газ қоймасы дұрыс жұмыс істеуі үшін жерүсті және жерасты жабдықтарының барлық жұмыс қабілеттілігін сақтау маңызды. Әдетте, бұл қажет болған жағдайда тұрақты техникалық қызмет көрсету, диагностика және жөндеу ісі. Сондықтан қоймалардың тозуын ескере отырып, оларды жөндеу қажеттілігі туындайды.
Мысалы, «Бозой» ЖАГҚ-дан басқа, «ҚазТрансГаз» компаниялар тобына қарасты тағы екі жерасты газ қоймасы бар – 650 млн м
3 газ сақтауға қабілетті Түркістан облысындағы «Полторацкое» ЖАГҚ және Жамбыл облысындағы «Ақыртөбе» ЖАГҚ.
Екі қойма да еліміздің ірі қалалары – Алматы мен Шымкентті газбен жабдықтаудың маңызды элементі болып саналады. «Полторацкое» ЖАГҚ 1960 жылдың басында іске қосылған. Оның халық тығыз орналасқан шекара аймағында орналасқанын ескере отырып, компания оның жұмысының қауіпсіздік деңгейін арттыруды басым міндет деп белгілеп отыр. Осыған ұқсас көрініс 1986 жылы 850 м тереңдікте су тұтқыш-коллекторда құрылған «Ақыртөбе» ЖАГҚ-да байқалады. «Ақыртөбені» жаңғырту газ сақтау сыйымдылығын кезең-кезеңімен 130 млн м
3-ден 200 м
3-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Болашақта бұл көрсеткіш 400 млн м
3 дейін өсуі мүмкін.
Жалпы, жаңғыртылған жерасы газ сақтау қоймасының сенімді жұмысы жылыту маусымында газ тұтынуды тұрақтандыруға орасан ықпал етеді, ал күтпеген жағдай болса, елдің оңтүстік өңірлерін барынша қысқа мерзімде газбен қамтуға қауқарлы.
Жарқын ТҰРЛЫБЕК,
Нұр-Сұлтан қаласы