29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
92
оқылды
Қаңтардың 29-ы күні Қазақстанның батыс аудандарына солтүстік-батыс циклонының жырасы әсер етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады және ауа температурасы көтеріледі. Республиканың кей жерлерінде сонымен қатар бүгін тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел секундына 15-22 метр жылдамдықпен еседі. Батыс Қазақстан облысында – тұман түседі. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады. Ақтөбе, Қызылорда облыстарынының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.