Қазақстаннан дрон арқылы Макаров тапаншасын алмақ болған екі азамат өзбек-қазақ шекарасында ұсталды, деп жазады UzNews.
Шекара әскерлері әскери қызметшілері және кеден комитеті басқармасының қызметкерлері Ташкенттің екі тұрғынын өзбек-қазақ шеарасы арқылы дронмен жіберілген Макаров тапаншасын алмақ болған жерінен ұстады.Ер адамдар Қазақстан аумағы арқылы жібіерілген қаруды алу кезінде ұсталған. Олар енді ӨР ҚК 246 бабы (контрабанда) бойынша тергелетін болады.
Тергеу мәліметіне қарағанда, Макаров тапаншасы Қазақстан тұрғынынан 4 мың долларға сатып алынған. Қару атуға жарамды, алты оғы бар болып шықты.