«Ордабасының» бағы жанбай тұр
«Ордабасының» бағы жанбай тұр
167
оқылды

«Ордабасы» Еурокубоктан тағы да шет қалуы мүмкін. Fair Play-ге байланысты шектеудің ақыры не болары белгісіз. Клуб басшылығы несиелік қарызды өтедік дегенімен, УЕФА оң қабақ танытпай отыр.

Еурокубокқа қатысу тәртібі қарапайым ғана заңдылықтан тұрады. Қазақстан чемпионатында 1-орын алған командаға тікелей Чемпиондар лигасына жолдама беріледі. Турнирді 2-3-орынмен аяқтаған команда мен Қазақстан кубогының иегері Еуропа лига­сын­да бақ сынайды. Осы жүйеге байланысты ҚПЛ-да 3-орын алған «Ордабасы» 2020/2021 маусым­да ЕЛ-нің іріктеу кезеңінен бас­тай­тын болған. Алайда Fair Play қаржылық ережелері шымкенттік клубтың еурокубокта өнер көрсе­туіне «қарсы».

Жыл сайын «УЕФА клубтық турнир­леріне қатысу үшін қаржы­лық Fair play және футбол клуб­тарын сертификациялау ере­жесінің» негізінде сертификат­тау комиссиясының отырысы өте­ді. Биыл комиссия мүшелері «Орда­басыны» Fair Play қаржылық ере­желерін бұзғаны үшін жаза­лап, айыппұл салды. Осы жыл­дың 30 қыркүйегіне дейін төлеуі міндеттелген кредиторлық қа­рыз­ды уақытында өтемегені үшін УЕФА-ға 100 мың евро айып­пұл жазылды. Сондай-ақ сер­ти­фикаттау комиссиясы «Ор­да­басы» клубынан бөлек, «Олим­пияға» 75 мың евро, «Црвена Звез­даға» 50 мың евро айыппұл бел­гіледі. УЕФА тығырықтан шы­ғар жол нұсқағандай төлемді 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін жасаса, жа­за­дан құтылуға болатынын көр­сетті. Өз кезегінде шымкентік клуб ресми сайтында мәлімдеме жасап, берешектерін өтегенін жазды.

«Бүгінгі таңда «Ордабасы» фут­бол клубы 2019 жылдың 30 қыр­­­күйегіне дейінгі барлық кре­ди­т­орлық қарызды жауып, УЕФА та­­лаптарына сәйкес сер­ти­фикатқа үміткер ретінде лицензия процесін өтуде. Осыған байланысты «Орда­­басы» футбол клубының Еуро­ку­­боктардан шығарылу қаупі жоқ» деп жазды клубтың ресми сай­тында.

Естеріңізде болса, 2018 жылы УЕФА Fair Play ережелерінің 52-бабы – әлеуметтік қорлар мен са­­лық­тық органдар алдында кре­ди­­­торлық қарыздарды өтеу уақы­ты­ның бақылау мерзімін бұзғаны үшін «Ордабасыға» еурокубокқа қатысу сертификатын беруден бас тартты. Нәтижесінде, талап­тар­дың барлығын орындап, чемпио­нат­­тағы орынына сәйкес ЕЛ-ге «Ор­дабасының» орнына «Тобыл» қа­тысты. Егер УЕФА шешімін өз­гер­т­пейтін болса, еурокубоктік бәсе­­кеден «Тобылды» көруіміз бек мүм­кін.

Жалпы, «Ордабасы» клубы 2012 жылдан бері 5 рет еурокубокқа жол­дама алды. Еуропада айбарын көр­сетпесе де, қауқар мен ұмты­лыс барын дәлелдеді. Сәтін сал­са, 2020/2021 жылы УЕФА тур­­нирлерінде Қазақстанның 4 клу­бы бақ сынайды. «Астана» чем­­­пион болғандықтан ЧЛ-де, «Қайрат» 2-орын алған соң, «Қай­сар» Қазақстан Кубогының иеге­рі ретінде ЕЛ-де ойнайды. Ал «Орда­басы» бағы шапса, УЕФА рұқсатын берсе, Еуропа лигасында өнер көрсетеді. Нәтиже басқаны нұс­қа­са жолы «жеңіл» «Тобыл» клубы Еуропа лигасында топтық ке­зең үшін таласқа түседі.


Айзат АЙДАРҚЫЗЫ