Киноқоржынымыз жаңа комедиямен толықты

Киноқоржынымыз жаңа комедиямен толықты

«Каникулы Off-line» – көп­шілік көңілінен шық­қан туынды. Балалар ауди­­то­­риясы фильмді жы­лы қа­был­дап, екінші бөлімін асыға күтті. AulCamp-тегі қызықты де­­малыс пен ұлт­тық салт-дәстүрді дә­ріп­­­тей­­тін фильмнің жал­ға­сы көрерменін несімен қуант­пақ?

26 желтоқсаннан бастап «Каникулы Off-line 2» комедия­сының екінші бөлімі прокатқа шығады. Сюжет бойынша балалар тағы да этно-лагерьге барады. Бірақ бұл жолғы құрам басқа. Көрермендер жаңа жылдық мере­кенің алдында жазғы атмос­фе­раны сезініп, бір жасап қа­лары анық. Дегенмен жаңа оқиғаға өрілген ескі хикаяның келіспейтін тұстары да бар.

Алғашқының көзге ыстық, көңілге медеу екені анық. Тіпті, кейбір дүниенің жай ғана бірінші болып қалғаны жақсы. Бұл тұжы­рымның аталған фильмге қатысы бар. Жеңіл сюжетті ары қарай өрбіту ісін білген адамға қиын емес. Қиыстыру жағына кел­сек, сценарийдегі біраз олқы­лық­ты байқауға болады.

Біріншіден, шетелдіктерді кинода қазақ тілінде сөйлетуге құмармыз. Бірақ өзіміз өмірде ана тілінде сөйлемейміз. Фильмде AulCamp-ке барған жастар да сондай. Жетекшілері оспадар қылығымен есте қалып, тілін бұрап жүргені біраз көрерменге ұнамады.

«Бірінші бөлімінде лагерь иелері бәрін нөлден бастады. Ал екіншісінде оларда табыс көзі бар. Фильм қызық оқиғаларға негізделген. Алғашқы бөлігінде өзіне сенімді, ештеңені менсін­бей­тін Миланды ойнасам, кейін­гі­сінде романтик баланың рөлін сомдаймын. Туынды көпші­лік­ке ұнайды деп ойлаймын», – дейді жас актер Мағжан Хамит.

Ал фильмде басты рөлдердің бірін сомдаған Мейірғат Аман­гелдин «Каникулы Off-line 2-нің» өз көрермені бар екеніне сенімді.«Басты ерекшелік – қатарымыздың жаңа актерлермен толығуы. Олар өз рөлін ойдағыдай сомдап шықты. Әрине, жаңа оқиға деп Нұр-Сұлтан қаласындағы түсірілім жұмыстарын айтуға болады. Оның үстіне сценарийі де ерекше жазылған. Қазір ұялмай отбасымен барып көретін фильм аз. Бұл туындыны үлкен кісі де, кішкентай бала да келіп тамашалай алады. Бәсекелестікке келсек, әр киноның өз көрермені бар деп ойлаймын», – дейді ол.

Түсірілім тобы киноқор­жын­ның тағы бір комедиямен то­лық­­­қанына қуанышты. Дина­ми­ка­лық сюжет пен күлкіге қарық қы­­латын оқиға көрерменді баурап ала­­тынына сенімді. Фильмдегі жас актерлердің ойынына, тала­бы­на қарап таңданасыз. Өйткені 16 жас талант арнайы кастинг ар­­қылы киноға шақырту алған. Ки­ноны бір айдан астам уақыт бойы Алматы облысының көрікті жер­ле­рінде және елордада тас­палаған. Естеріңізде болса, «Кани­ку­лы Off-line» биыл 21 нау­рызда кө­рер­менге жол тартса, екінші бө­­лімі 26 желтоқсанда проқатқа шықты.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ