Қазақстанда зейнетақы жинақтарын ЭКҰ жасатуға пайдалануға болады
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын ЭКҰ жасатуға пайдалануға болады
104
оқылды
Қазақстандықтар өздерінің жинақталған зейнетақы қаражатын экстракорпоральды ұрықтандыру процедураларына пайдалануға мүмкіндік алады. Бұл туралы «Отбасы банкінің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова хабарлады. Ләззат Ибрагимова эфир кезінде қазақстандықтардың зейнетақы жарналарын алу туралы сұрақтарына жауап берді. Сұрақтардың бірі зейнетақы жинақтарының ақшасын пайдаланып, экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) процедурасын жүргізу мүмкіндігіне қатысты болды.
«Бізді естіді, мен қуаныштымын. Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы отырысында кәсіби мамандардың пікірлері тыңдалды. Енді ережелерге сегізінші мақсат қосылды, ол «Көмекші репродуктивті әдістер мен технологиялар» деп аталады. Бұл ЭКО процедурасын да қамтиды. Келесі аптада бұл ережелер күшіне енеді және ұрпақты болу мәселелері туындаған отбасылар өздерінің зейнетақы жинақтары есебінен ЭКО жасатуға мүмкіндік алады», – деді «Отбасы Банкі» АҚ басқарма төрайымы.