Кімдер жұмыссыз қалатыны анықталды
Кімдер жұмыссыз қалатыны анықталды

Алдағы онжылдықта көптеген маман жұмыссыз қалады, — деп хабарлайды «Хабар 24».

Дереккөздің жазуынша, олардың орнын роботтар алмастыратынын кореялық профессор Чон Дже Сын айтты.

Оның айтуынша, келесі онжылдықта ғалымдар блокчейн мен жасанды интелекті біріктіре алады.

Осының арқасында машиналар адам баласының қолынан келмейтін жұмысты атқаратын болады. Профессор төртінші өндірістік революция жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, бірақ бұл еңбек нарығына үлкен қауіп төндіреді деп санайды.

Мысалы, өздігінен жүретін көліктер пайда болғандықтан, жүргізуші мамандығының қажеті болмайды. Дегенмен жасанды интеллект адамның ой-санасын толығымен ауыстыра алмайды. Ғалымның пікірінше, бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындау үшін мектептерде қазірден бастап оқыту әдістерін өзгертіп, ата-аналар балаларына көбірек көңіл бөлуі керек.

Профессор Чон Дже Сын: «Ата-аналары балаларына «Сабақтарың қызық өтеді, ал сен оқығың келмейді!» деп жиі айтады. Алайда өздерін олардың орнына қоймайды. Мәселен, мен ата-аналарына емтихан өткізіп, алған бағаларын өзгелермен салыстырсам, өздерін қалай сезінер еді? Салыстырудың қажеті жоқ, оқу жүйесі қызық болуы тиіс. Кітап оқып, өзіңе ұнайтын дүниені зерттеу қажет. Балаларды осыған үйретуіміз керек», – деді.