Зейнетақы жинағын алуда алаяқтарға алданып қалмаңыз
Зейнетақы жинағын алуда алаяқтарға алданып қалмаңыз
121
оқылды

БЖЗҚ салымшылары  алаяқтарға тап болғаны туралы хабарлап жатыр. Белгілі болғандай, алаяқтар хаттар жіберіп, күмәнді сайттарға сілтемесін жіберіп, тіркелуді сұрайды, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалануға рұқсат берілгенін айтады.

"Сақ болыңыз, алаяқтар! Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-дағы (қазіргі "Отбасы банкі" АҚ) арнайы шотқа аудару туралы" деген мазмұнға ие жіберілімдер жасамайтынын ресми түрде мәлімдейді. Сонымен қатар БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қатысты ешқандай хабарлама жібермейді және салымшының ешқандай дербес деректерін сұрамайды", – делінген хабарламада.
БЖЗҚ бейтаныс күмәнді сайттардың сілтемесіне өтпеуді қатаң ескертеді. Ақпаратты тек БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтында және уәкілетті операторлар болып есептелетін банктердің интернет-ресурстарында тексеру керек.