Ауғанстанда биыл 100 мыңнан астам адам опат болған
Ауғанстанда биыл 100 мыңнан астам адам опат болған

Биыл қарулы қақтығыс пен лаңкестіктен 100 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тауып, жарақат алған, – деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Тадамичи Ямамото Ауғанстандағы соғыста көбінесе, бейбіт тұрғындар қайтыс болғанын айтты. Ол халықаралық қауымдастықты Ауғанстанда бейбітшілік орнатудың жолын іздестіруге шақырды.

Дереккөздің жазуынша, Ауғанстанда «Талибан» радикалды қозғалысы ресми Кабулмен әлі күнге дейін келіссөз жүргізуден бас тартып отыр.

Бірақ былтыр тәліптер АҚШ-пен келіссөз бастап, биыл жазда тараптар уағдаластыққа қол жеткізгендей болған. Күзде Кабулдағы кезекті терактан соң Вашингтон байланысты тоқтатты.