Қазақстанда 1 ақпаннан бастап Ресейдің вакцинасы кімдерге міндетті түрде салынады?
Қазақстанда 1 ақпаннан бастап Ресейдің вакцинасы кімдерге міндетті түрде салынады?

Аталған қаулыға сәйкес, бірінші кезекте коронавирусқа шалдығу қаупі жоғары санатқа кіретін адамдарға вакцинация салынады.

Олар: – медицина қызметкерлері, бірінші кезекте инфекциялық ауруханалар, жедел медициналық көмек, реанимация және терапия бөлімшелері, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлімдері персоналдары, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары; – педагогтер; – учаскелік полиция қызметкерлері; – студенттер; - медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері мен контингенті; - төтенше жағдай қызметтерінің, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері; - ҚР Президенті Іс басқармасының контингенті, мемлекеттік қызметшілер, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкері саналатын ҚР азаматтары, ұлттық құрама командалардың мүшелері; Созылмалы аурулары бар (қант диабеті, созылмалы обструктивті өкпе ауруы, жүрек-қан тамыры жүйесінің сырқаты) азаматтар. Ал алдын алу екпелеріне тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға, КВИ-дің өткір және симптомсыз түрімен ауырғандарға вакцинация салынбайды.

Коронавируспен ауырғандармен қарым-қатынаста болғандарға карантин мерзімі өткеннен кейін ғана екпе салынады. Құжаттың толық мәтінімен мына сілтемеден таныса аласыз.

Қазақстанда Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») ресейлік вакцинасымен егу 1 ақпанда басталады.