Bek Air ұшағының апатынан 7 адам қаза тапқан
Bek Air ұшағының апатынан 7 адам қаза тапқан
119
оқылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматыдағы әуе апатының мән-жайын хабарлады.

«2019 жылы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипажы эвакуацияланып жатыр. Қаза тапқандардың саны – 7» делінген хабарламада.