Жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев вакцина мәселесін талқылады.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев вакцина туралы толыққанды түсіндіріп айтып берді.
«Екі вакцинаның бірі – ресейлік «Спутник V», ал екіншісі Қазақстанда жасалған. Жаппай вакцинациялау үшін 140 маман оқытудан өтті. Бұған дейін QazCovid вакцинасын алған еріктілердің денсаулығы жақсы», – деді Әсет Қалиев.
Облыс басшысы жаппай вакцинациялаудың маңызды екенін халыққа түсіндіруді тапсырды. Сонымен қатар ауыл арасында жиын-тойға жиі баратын тұрғындарға коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеуі үшін сақтық керегін ескертті.
Қазақстанда жаппай вакцина салу биыл 1 ақпанда басталады. Бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев вакцина салдырғанын жазған болатынбыз.