Жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев вакцина мәселесін талқылады.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев вакцина туралы толыққанды түсіндіріп айтып берді.Облыс басшысы жаппай вакцинациялаудың маңызды екенін халыққа түсіндіруді тапсырды. Сонымен қатар ауыл арасында жиын-тойға жиі баратын тұрғындарға коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеуі үшін сақтық керегін ескертті.«Екі вакцинаның бірі – ресейлік «Спутник V», ал екіншісі Қазақстанда жасалған. Жаппай вакцинациялау үшін 140 маман оқытудан өтті. Бұған дейін QazCovid вакцинасын алған еріктілердің денсаулығы жақсы», – деді Әсет Қалиев.
Қазақстанда жаппай вакцина салу биыл 1 ақпанда басталады. Бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев вакцина салдырғанын жазған болатынбыз.