Халықтың қайғы-қасіреті арқылы баю адам өлтіргенмен тең – Шпекбаев
Халықтың қайғы-қасіреті арқылы баю адам өлтіргенмен тең – Шпекбаев
5,129
оқылды

Оның айтуынша, пандемия кезінде жемқорлыққа қатысты 100-ге тарта қылмыстық іс тіркелген.

«Жүздің жартысына жуығы – коронавируспен күреске бөлінген қаражатты жымқыруға қатысты дерек. Жазда дәрі-дәрмек тапшы болды. Науқастар жасанды тыныс алдыратын аппаратқа қол жеткізе алмай, ажал құшты. Халық билікке үміт артып, көмек күткенде арсыз шенеуніктер қазынаның қаржысын жымқырды. Талан-таражға салды. Меніңше, өз халқының қайғы-қасіреті арқылы баю – сатқындық. Адам өлтіргенмен тең», – деді.

Бұған дейін ол «Коронавирусты жемқорлықтың кесірінен жеңе алмай отырмыз» деген еді.