Құлаған ұшақтан зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп жатыр
Құлаған ұшақтан зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп жатыр
141
оқылды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы маңындағы ұшақ апаттынан зардап шеккендер №4 аурухана мен балалар «Жедел медициналық көмек» орталығына жеткізіліп жатыр.

«Зардап шеккендер 4 қалалық клиникалық аурухана мен балаларға жедел көмек көрсету орталығына жеткізілді» делінген ресми хабарламада.

Алматы әкімдігі барлық қалалық қызметтерді жұмылдырды. ТЖД (30 адам және 7 техника) жедел құтқару тобы (16 қызметкер, 2 техника және 1 кинологиялық ит), апаттар медицина орталығы (4 қызметкер және 1 техника), жедел жәрдем (35 қызметкер және 15 техника) жұмыс істейді.

Сонымен қатар ПД (200 қызметкер және 20 техника) және 12 жедел топ құрылды. Бүгін Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетіп, апатқа ұшырады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер қатаң жазаланатынын айтты.