Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық IPO-сын дамыту мәселесін айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Сондай-ақ Үкіметке жекешелендіруге қатысты мониторинг жүргізуді тапсырды. Жоспарды орындауда жекешелендірудің жеке монополиялардың пайда болуына, соның салдарынан қоғамда наразылықтың өршуіне жол беруге болмайтынын атап өтті.«Халық ІРО-сы» бағдарламасын жаңғырту керек. Акциялар ең бірінші кезекте Қазақстан азаматтарына сатылуы тиіс. Біздің елдің әрбір азаматы ұлттық байлықтың бір бөлігін ала алатындай жағдай жасау керек», – деді Мемлекет басшысы.