Ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті – ресми мәлімет
Ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті – ресми мәлімет
137
оқылды

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Әлібек Әбділовтің айтуынша, қаза тапқандар саны артқан.

Алматы қаласының маңында ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 14 адамға жетті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Алматыдағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген 5 жолаушының жағдайы өте ауыр. №4 ауруханаға жеткізілген 17 азаматтың да жағдайы ауыр. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында шұғыл желі іске қосылды. Әуе апатынан кейін Қазақстанда Fokker-100 ұшақтарын пайдалану уақытша тоқтатылды.

Айта кетейік, Алматы маңында Bek Air әуекомпаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағы апатқа ұшырады. Ресми мәлімет бойынша бортта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Ұшақ Алматы – Нұр-Сұлтан бағытында ұшып, Қызыл ту ауылы маңында құлаған.